Kaspi.kz х QARA Forum жас креаторлар байқауының қорытындысын шығарды
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстандық жас режиссер АҚШ-та өтетін кино, комикс пен поп-мәдениет саласындағы әлемдегі ең ірі San Diego Comic-Con International фестиваліне сапар ұтып алды.
Бір ай бұрын QARA Forum-ның негізін қалаушы Айсұлтан Сейітов қазақстандық инновациялық Kaspi.kz компаниясымен бірлесіп, Instagram-да және Tiktok-та жас креаторлар байқауын бастаған болатын.
Ұйымдастырушылар жеңімпазға жүлде ретінде техника сыйлағысы келген. Бірақ байқаудың бас серіктесі - инновациялық Kaspi.kz компаниясы жүлде қорын арттырып, жеңімпазды АҚШ-та өтетін кино, комикс пен поп-мәдениет саласындағы әлемдегі ең ірі San Diego Comic-Con International фестиваліне жіберуді ұйғарды.
Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы Михаил Ломтадзе:
– Kaspi.kz-тің миссиясы – адамдардың өмірін жақсарту. Біз музыка, креатив, спорт және салауатты өмір салты аясында адамдарды біріктіретін жанымызға жақын қазақстандық жобаларды қуана қолдаймыз. QARA Forum қазақстандық жастардың басын қосады, біз отандық жас креаторлардың басқа нарықтар мен индустриялардың қалай жұмыс істейтінін көріп, Қазақстанға жаңа идеялармен оралғанын және сол идеяларды туған жерімізде жүзеге асырғанын қалаймыз.
Байқау шарттары оңай болды. Қатысушылар еркін түрде ұзақтығы бір минуттан аспайтын бейнетаныстыру түсіріп, өзі туралы, дарыны мен креативке деген көзқарасы туралы айтып беруі керек болатын. Бастысы - идея, жаңашылдық және өзін-өзі көрсете білу, шарттары кәсіби жабдықты талап етпеді. Содан кейін жұмысын Instagram мен Tiktok-тағы парақшасында жариялап, @qara.studios аккаунтын белгілеуі, қай қаладан екенін жазып, #QaraForum2025 хештегін көрсетуі керек болатын.
QARA Forum-ның, OYU-дың негізін қалаушы Айсұлтан Сейітов:
– Жұмыстарды бағалау әрдайым қиын. Жастар байқауға құлшыныспен қатысатыны сонша, осындай сәтте бұл жерде "осал" жұмыстың жоқ екенін түсінесің. Өз ісіне шын берілген жандар бар. Мұндай жағдайда ешкімнің еңбегін елеусіз қалдырмау өте маңызды. Биыл жұмыстарды бағалау оңайға түскен жоқ, өйткені Қазақстандағы жас креаторлардың деңгейі керемет жылдамдықпен өсуде. Олардың контент-мейкинг құралдарын меңгеруі мен ойлау ауқымы шынымен таңғалдырады!
Биылғы жеңімпаздардың бірі – 20 жастағы Адема Рахметова, ол кино мектебінің шәкірттерімен бірге командада жұмыс істейді. Байқауға осымен екінші рет қатысып отыр. 2024 жылы да өтінім беріп, сол кезде форумға билет алған. Ал бүгін ол басты жүлде - Comic Con San Diego сапарының иегері атанды.
Адема Рахметова, QARA Forum жеңімпазы:
– Бейнероликтер түсіріп, ақша тауып жүрмін. Түсірілім мен монтаждауға деген сүйіспеншілігім 13 жасымда басталды. Роликті тек жүлде үшін емес, сонымен қатар жұмысымды өзім үлгі тұтатын жандар – кино саласындағы үздік мамандар көреді-ау деген оймен түсіруді ұйғардым. Камераның қозғалысы, жарық, монтаж –жұмысымда осының бәрін мінсіз етуге тырысамын, бірақ басты ерекшелігі - сценарий, дәл соған баса назар аударамын. Бір күні АҚШ-қа баратынымды білгенмін, бірақ бұлай тез әрі дәл осылай болады деп ойламаппын. Бұл менің Comic Con-ға ғана емес, жалпы Америкаға жасаған алғашқы сапарым болмақ. Сапарым жайлы міндетті түрде жазып қоямын. Өзімнің шығармашылық бейнежазбамды түсіруді бастағым келгелі қашан, бірақ қаржы жағынан қиналып қаламын ба деген оймен, оны үнемі кейінге шегере беретінмін. QARA Forum-ға демеушілік жасап, байқауды ұйымдастырған QARA Studios пен Kaspi.kz-ке рақмет. Kaspi осындай жобаларды қолдай отырып, тек ынталандырып қана қоймай, сондай-ақ бүкіл әлемге өзің туралы айтуға мүмкіндік береді. Мені жеңімпаз еткен роликті сілтеме арқылы көруге болады.
QARA Forum 8 ақпанда Алматыдағы "Целинный" заманауи мәдениет орталығында өтеді. Қатысушылар панельдік пікірталастарға, дәрістерге және кино, музыка, ЖИ, фотосурет, саунд-дизайн және тағы басқа саладағы шетелдік және жергілікті сарапшылардың шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Форумға билетті Kaspi.kz қосымшасында алуға болады.
*Банк қызметі Қазақстан Республикасында лицензияланады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2340019-kaspi-kz-h-qara-forum-zhas-kreatorlar-baiqauynyng-qorytyndysyn-shygardy/