jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Түрлі қайғыны бас­тан кештім": Роза Рымбаева қиын ке­зең­дерін еске алды

    Роза Рымбаева
    Роза Рымбаева. Фото: instagram.com/rozarymbaeva

    "Қазақ эстрадасының примадоннасы" атанып кеткен алтын дауыс иесі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне елу жыл толды. Әрбір кешін асыға күткен көрерменді әнші жақында жағымды жаңалығымен қуантты. Атаулы мерейтойға орай өнер иесі ақпан айының 7 жұлдызында Республика сарайында кеші өтеді. Кеш қарсаңында әнші сұхбаты беріп, толғаныстарын бөліскен, деп жазады Aiqyn басылымы.

    "Көпшілік әлі күнге дейін "сол баяғы Рымбаева" деп қа­был­­дайды. Халықтың жа­дында "Әлия" образым қа­лып қойған. Алайда елу жыл­дың ішінде мен де адам ретінде өс­тім, өркен­де­дім, өмірдің та­лай белесін өт­кер­дім. Қар­тай­дым, әже атан­дым. Бірақ сах­на­дағы елу жы­лым текке өткен жоқ. Осы уа­қыттың бәрінде қа­зақ сах­на­сын­да халқыммен бір­ге өмір сү­ріп келемін.

    Елу жыл ара­лықта түрлі қайғыны бас­тан кештім, небір қиын ке­зең­дерді бастан өткердім. Ме­нің ең үлкен бақытым – хал­қым­­ның әркез қолдап жүргені. Әсі­ресе, жолдасымнан айы­рыл­ған ауыр кезеңде бұл қолдау ма­ған үлкен демеу болды. Сол жыл­дары кішкентай екі баламды алып, гастрольдік са­пар­ларда жүр­дім. Мен жыл сайын ха­лық ал­дына шығып, "Көктем ша­­қы­рады" атты концертімді бере­­тін­мін. Бұдан кейін аталған кеш шы­ғармашылығымдағы дәс­түрлі іс-шараға айналды", - деді әнші

    "Түрлі қайғыны бас­тан кештім": Роза Рымбаева қиын ке­зең­дерін еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.