Жұбаныш Жексенұлы Қытайдағы халықаралық концертте Джеки Чанмен бірге өнер көрсетті (видео)
Опубликовано:
Қазақстандық әнші Жұбаныш Жексенұлы Қытайдың Иу қаласында өткен Spring Festival Gala аясындағы ірі халықаралық концертке қатысты.
24kz_tv ақпаратына сәйкес, Жұбаныш Жексенұлы гала-концертте Джеки Чан, Lionel Richie секілді әлемдік жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсетті.
"2026 жылы Иу алғаш рет жобаның аймақтық негізгі алаңы ретінде таңдалып, концерт бүкіл елге тікелей эфирде көрсетілді. Иу сахнасындағы бөлім халықаралық мәдени алмасу мен шығармашылық ынтымақтастыққа арналды", - делінген телеарнаның желі парақшасында.
INSIDER Kazakhstan басылымының Instagram парақшасындағы мәліметке сенсек, мұндай алаңдар орталық студиямен тікелей байланысып, біртұтас трансляция аясында өңірлік мәдениет пен халықаралық қонақтардың өнерін көрсетеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2345142-zhubanysh-zheksenuly-qytaidagy-halyqaralyq-kontsertte-dzheki-chanmen-birge-oner-korsetti-video/