jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жүрсін Ерман Қазақстанның Халық жазушысы атанды (фото)

    Жүрсін Ерман
    Жүрсін Ерман. Фото: instagram.com/zhursin_yerman

    Айтыс өнерінің жанашыры, көрнекті қаламгер, ақын және қоғам қайраткері Жүрсін Ерманға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен "Қазақстанның Халық жазушысы" атағы берілді.

    Мәдениет және ақпарат министрлігі марапат Жүрсін Ерманға ұлттық әдебиет пен айтыс өнерін дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін табысталғанын мәлімдеді.

    Құрметті атақ ақынның 75 жасқа толған мерейтойында салтанатты түрде тапсырылған.

    Алматы әкімдігінің мәліметінше, Республика сарайында Жүрсін Ерманның 75 жасқа толған мерейтойына арналған концерттік кеш өткен.

    Кеште Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, ақынға "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағын табыстаған.

    Дархан Сатыбалды Жүрсін Ерманға "Қазақстанның халық жазушысы" атағын табыстап жатыр
    Дархан Сатыбалды және Жүрсін Ерман. Фото: Алматы әкімдігі

    Айта кетелік, Жүрсін Ерман "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығын екі мәрте иеленген.

    Жүрсін Ерман Қазақстанның Халық жазушысы атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.