jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Жалаңаш ару подиумда босанып қала жаздады

    : UGC

    Нью-Йоркте өткен сән апталығында өз киім үлгісінің көрсетілімін ұйымдастырған әнші Рианна тағы да ел талқысына түсті. Үнемі ерекшеленгісі келетін жұлдыз подиумға атағы жер жарған танымал модельдердің орнына қарапайым әйелдерді шығарған. Оның киім үлгісін елге паш ету мәртебесіне толық әрі денелі сәнбикелер мен тіпті жүкті келіншектер де ие болған деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: sg.news.yahoo.com
    Фото: sg.news.yahoo.com: UGC

    Өзінің Savage&Fenty іш киімдер үлгісін Рианна ел назарына барынша басқалардан өзгеше ұсынуды жөн көрген. Өз бәсекелестеріне қарағанда әнші сәнбикелерді таңдауға келгенде үлкен тәуекелге бел буған.

    Аталмыш брендтің су жаңа топтамасын әлемдік модельдер стандарттарына сай емес әйелдер көрсеткен. Риананың көрсетілімінде толық әрі денелі бикештерден бөлек, жүкті әйелдер де бой көрсетті. Оның үстіне аяғы ауыр арулар жұрт алдына жартылай жалаңаш шығудан жасқанбаған.

    Оған қоса, көрсетілім аяқталған соң Силк Вудс есімді жүкті модель бірден ауруханаға жеткізіліп, ұлын дүниеге әкелген. Арудың айтуынша, ол баласының шара кезінде дүниеге келіп қалады деп қорыққан.

    Әнші жаңа киім үлгісін паш етуге танымал сәнбикелерден тек қана Хадид әпкелі-сіңлілерді шақырған.

    Джунгли стилінде өткен аса ерекше киім көрсетілімі көпшіліктің жадында қалары сөзсіз. Өйткені, стандартқа сай емес модельдер подиумда жай ғана әдеттегідей жүріп емес, билеп өткен.

    Фото: sg.news.yahoo.com
    Фото: sg.news.yahoo.com: UGC

    Фото: sg.news.yahoo.com
    Фото: sg.news.yahoo.com: UGC

    Фото: sg.news.yahoo.com
    Фото: sg.news.yahoo.com: UGC

    Фото: sg.news.yahoo.com
    Фото: sg.news.yahoo.com: UGC

    Фото: sg.news.yahoo.com
    Фото: sg.news.yahoo.com: UGC

    Фото: sg.news.yahoo.com
    Фото: sg.news.yahoo.com: UGC

    Фото: sg.news.yahoo.com
    Фото: sg.news.yahoo.com: UGC

    Фото: sg.news.yahoo.com
    Фото: sg.news.yahoo.com: UGC

    Жалаңаш ару подиумда босанып қала жаздады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.