jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Талдырмаш мүсінді Жанар Дұғалова ерлер қауымын өзіне қаратты (фото)

    Жанар Дұғалова
    Фото: Instagram/zhanar_dugalova

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жанар Дұғалова желіде ерекше образдағы суретімен бөлісіп, ерлер қауымын естен тандырды. Көпшілік өнер иесінің мінсіз мүсініне тәнті болып, оған жылы лебіздерін жаудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жанар Дұғалова еліктіргіш образдағы фотосын жариялап, Instagram желісін шулатты. Суретте әншінің көгілдір түсті аса әдемі көйлек киіп алғанын көруге болады. Киім үлгісі өнер иесінің дене сымбатын паш етіп, барша ерлер қауымының назарына ілікті.

    Дұғалованың талдырмаш мүсіні ғаламтор кеңістігінде қызу талқыға түсті. Бірі оның мінсіз образына тәнті болып жатса, енді бірі оны сынауға да себеп тапқан.

    "Фигурасы мінсіз әнші. Мұндай жетістікке жету үлкен еңбек" , "Фигураңыз скрипкаға ұқсайды екен" , "Үнемі бір фасондағы көйлек кие береді екенсіз. Басқа фантазия жоқ па?" , "Әрдайым жабыстырып киіп алады. Қазақ қыздарына сай емес. Мен үшін ерсілеу" , "Бәрі әдемі жарасып тұр. Жанар көре алмайтындарды тыңдамаңыз" , "Жанар не кисе де жарасып кетеді. Мынадай мінсіз мүсінге сай келмейтін киім де жоқ шығар" , "Өзіңізге ғашық еттіңіз" , "Менің өмірлік жарым боласың ба?" , "Бір көргеннен ғашық болу деген осы. Бір міні жоқ арусыз" , - деп жазуда желі қолданушылары.

    Талдырмаш мүсінді Жанар Дұғалова ерлер қауымын өзіне қаратты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.