jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Мадина Сәдуақасованың кезекті фотосы желіде пікірталас тудырды

    Мадина Сәдуақасова
    Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова демалыс күнін қалай өткізгенін көрсетіп, желідегілердің талқысына түсті. Өнер иесінің жариялаған суреттері оқырмандары арасында пікірталас тудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мадина Сәдуақасова фотоларын Instagram парақшасында бөліскен. Белгілі болғандай, әртіс демалыс күндері шаңғы тебуге барған.

    Әнші шаңғы тебуге ден қойғанын айтып, желіде өз суреттерін жариялады. Алайда Сәдуақасованың спорттық киімі елеусіз қалмады. Оның образы оқырмандардың пікірін екіге бөлген. Бірі Сәдуақасованың мінсіз мүсініне тәнті болса, енді бірі оны аяусыз сынға алған.

    "Қандай керемет, демалысты осылай өткізу керек", "Не деген мінсіз ару", "Фигураңыз от", "Мадина қартаймайсыз, әлі талдырмаш мүсінді бойжеткен секілдісіз", "Ұят емес пе?", "Неге осыншама жабыстырып киіп алғансыз?", "Ерсілеу көрінеді екен киіміңіз", "Бөксесін шығарып тұрғаны ерсі екен", - деп жазуда олар.

    Мадина Сәдуақасованың кезекті фотосы желіде пікірталас тудырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.