RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Краш екен": танымал блогер Рысбала Икрамбай әйгілі түрік актері Бурак Өзчивитке сый-құрмет көрсетті (фото, видео)

Жарияланған күні:

Бурак Өзчивит
Бурак Өзчивит. Фото: instagram.com/ivi_turk

Танымал блогер Рысбала Икрамбай Наурыз мейрамына орай Алматыға келген әйгілі түрік актері Бурак Өзчивитке қазақтың ата салтына сай сый-құрмет көрсеткенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл азаматқа да қазағымның сый-сыяпатын көрсетіп, шапан алып қолына ұстатып жібердім! Тәуелсіздігімізді алғаш мойындаған елден келді, түбіміз бір түркі деп жанымызға жақын тұтамыз", - деп жазды Рысбала Икрамбай Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ блогер актердің шынайы өмірде түр-тұлғасы келіскен, сымбатты жан екенін жазған.

"Буракты да көрдік. Краш екен. Тым сұлу, кербез ба... Мұндай теңеу қыздарға ғана айтылатын шығар десем, бұл сөзге сай ер адамдар да бар екен", - деп әзілдеді ол.

Айта кетейік, Бурак Өзчивит 22 наурызда "Алматы аренада" өткен концерттің құрметті қонағы болды. Бұл кеште көрермен көзайымына айналған танымал түрік сериалдарының саундтректері орындалды.

Олардың ішінде қазақстандықтардың жүрегінен орын алған, Бурак Өзчивит басы рөлде ойнаған "Королек – птичка певчая" және "Черная любовь" сериалдары бар. Бұл сериалдарының саундтрегін аренаға жиналған көпшілік оркестрдің орындауында жанды дауысты тыңдай алды.

Бұдан бөлек, еліміздің танымал өнер адамдары әлеуметтік желіде түркі актермен түскен фотоларын бөліскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/image/2230854-krash-eken-tanymal-bloger-rysbala-ikrambai-aigili-turik-akteri-burak-ozchivitke-syi-qurmet-korsetti-fotog-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif