"Алатыным 400 мыңға жетпейді": танымал балет әртісі өнері, өмірі және өзін сынайтындар туралы айтты
Опубликовано:
Астана Опера театрының балет әртісі, блогер, екі баланың әкесі Бекзат Орынбаев Abylaikhan Omirbay YouTube арнасына сұхбат берді. Ол елдегі балет жайлы, қызметіне қатысты хейтерлердің көзқарасы мен табысы туралы ашып айтты.
"Қаншама жыл болды жүргеніме балетте. Кішкентай кезден басталады. Каникулға барған сайын ой мынау балетте оқиды деп районский балалар түсіне бермейді. Сол кезден бастап сенде иммунитет қалыптаса бастайды. Бәрібір болады уже. Қазірде де мен стрим жүргіземін тиктокта, қосып қоямын. Неше түрлі пікір жазады. Оның бәрі сондай. Түсініп жатқандары да бар, 50/50. Қараңғы халқым дейсің ғой. Қашан көздерің ашылады? Жарайды қойшы деп. Анда-санда қатты қабылдап қойып қатты сөйлегің келеді, қойшы дейсің", - деді ол.
Бекзат Орынбаев екі баланың әкесі. Балалы-шағалы. Ол сұқбат барысында балет әртістерінің алатын жалақысын да жасырмады.
"Айлықтары 350 мың мен 450 мың теңге арасында. Қолға алатын сумма. Менің мысалы театрдан алатыным 400 мыңға жетпейді. Қолыма түсетін сумма 350 мен 400 мың арасында (ред. - теңге). Ал солистер, ведущий солистер 450-550 мың аралығында алады", - дейді ол.
Балет әртісі неліктен басты рөлдерді сомдамайтынын да бөлісті. Оның айтуынша, жетекші тек жастарға мүмкіндік бергісі келеді.
"Ол әзірше белгісіз. Тіпті өтпеймін деген де ой бар. Ол байқалады. Қазір мен андай басты рөлде билемеймін, двойка-тройка билеймін. Өзің ересек болғасын, осы мамандықта қанша жыл жүргесін қаншама әртістер қазір келіп жатыр жаңадан. Жас қаншама, потенциалы үлкен. Сол әртістерге беріп жатыр. Біздің қазіргі жетекшіміз Алтынай Абдуахимовнаның айтуынша, жастарды қолдау керек. Жас театр, жас труппа жасағым келеді дейді", - деді Бекзат Орынбаев.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/image/2335080-alatynym-400-myngga-zhetpeidi-tanymal-balet-artisi-oneri-omiri-zhane-ozin-synaityndar-turaly-aitty/