jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Жансақтау бөлімінен шыққан Бейсен Құранбек дәрігерлерге алғыс айтты (фото)

    : Getty Images

    Белгілі журналист Бейсен Құранбек жақында ғана жансақтау бөлімінен шығып, бір жарым жылда екінші рет аман алып қалған дәрігерлерге алғыс айтты. Ол бұл туралы өз Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

    Бұл жолы журналистің асқазандағы жарасы ашылып кеткен екен.

    "Дәрігерлерден айналдым. Соңғы бір жарым жылда екінші рет аман алып қалды. Бұл жолы асқазан жарасы ашылып, гемоглобин 61-ге түсіп кетіпті. Жансақтау бөліміндегі жанталастан аман шықтық, бастысы.
    Енді палатада "постельный режимде" рақаттанып жатқан жай бар. Сәл демалып, ем алып шығайын, сосын, қарбалас тірлікке қайта кірісемін. Тек енді денсаулықты шындап қолға алу керек. Әйтпесе, ақ xалатты абзал жандардан әбден ұят болды", - деп жазды Бейсен Құранбек.

    Бұл жазбаны көрген желі қолданушылары танымал журналиске амандық пен саулық тілеген.

    "Алла шипасын берсін", "Аман болыңыз", "Алла жар болсын", "Сауығып кетіңіз, тілектеспіз",- деп жазған олар.

    Жансақтау бөлімінен шыққан Бейсен Құранбек дәрігерлерге алғыс айтты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.