jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Актер Үсіпхан Әбдікерімұлы өмірден өтті

    Үсіпхан Әбдікерімұлы
    Үсіпхан Әбдікерімұлы. Фото: Ғабит Мүсірепов театрының баспасөз қызметі

    Қазақстандық танымал актер, "Құрмет" орденінің иегері Үсіпхан Әбдікерімұлы қайтыс болды. Бұл туралы Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов театрының баспасөз қызметі жеткізді.

    "Желтоқсан көтерілісінің" қаһарманы, "Құрмет" орденінің иегері, актер Үсіпхан Әбдікерімұлының қазасына қайғыра көңіл айтамыз. Марқұмның топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын. Жақындары мен отбасының және қызмет еткен М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ауыр қайғысына ортақпыз", - делінген ресми хабарламада.

    Үсіпхан Әбдікерімұлы 1990 жылы театрымыздың актерлік құрамына қабылданып, С.Балғабаевтың "Ең әдемі келіншегінде" Абдолла, "Қыз жиырмаға толғанда" драмасында Есімсейіт, Д.Исабековтің "Анасын аңсаған қызында" Смат рөлін сомдап, өнер ошағында 1999 жылға дейін қызмет етті.

    Актер Үсіпхан Әбдікерімұлы өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.