RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Бір мақтанып қояйыншы": Бағлан Әбдірайымов Алматы әуежайында қызды құтқарған ер адам кім екенін айтты

Жарияланған күні:

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов. Фото: instagram.com/ baglan_abdraimov_official

Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды деген күдіктінің қолынан суық қаруын суырып алып, батылдық танытқан ер адамның кім екені белгілі болды. "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов батыл қимылдаған жігіт туысы екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде 7 наурызда Алматы әуежайында болған оқыс жағдайдың видеосы тарады. Осыдан кейін "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов Instagram желісінде видео бөлісіп, әуежайда жұмыс істейтін қызды құтқарған ер адам өз туысы екенін айтты.

"Бейбіт күннің батыры! Әкемнің інісі – Мұса! Бір мақтанып қояйыншы", - деп жазған әнші stories-те.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда ер адам әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқаны хабарланған болатын. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 минуттан кейін құқық бұзушыдан полиция қызметкерлері мен әуежайдағы азаматтардың көмегімен суық қаруы алынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күдіктінің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/incidents/2226348-bir-maqtanyp-qoiaiynshy-baglan-abdiraiymov-almaty-auezhaiynda-qyzdy-qutqargan-er-adam-kim-ekenin-aitty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif