RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Blue тобының әншісі Алматыдағы концертінде әуежай қызметкерін құтқарған қазақстандыққа алғыс айтты (видео)

Жарияланған күні:

Саймон Уэбб
Blue тобының әншісі Саймон Уэбб. Фото: instagram/simonwebbe1

12 наурызда Алматыда британиялық Blue тобының концерті өтті. Концерт барысында топ мүшесі Саймон Уэбб Алматы әуежайында болған оқиға кезінде ерлік көрсеткен қазақстандыққа алғыс айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Британиялық Саймон Уэбб залда отырған Мұса Әбдірайымды орнынан тұрғызды. Видеоны Instagram желіcінде Назым Ахмадиева есімді қолданушы жариялады.

"Мына адам бәрімізге батыр болудың қандай екенін көрсетті... Сізге көп рақмет!" – деді Саймон Уэбб залда отырған Мұса Әбдірайымды нұсқап.

Сол кезде Мұса Әбдірайым орнынан тұрып, залдағы көрермендерге амандасты.

Еске сала кетейік, 7 наурызда Алматыда ер адам әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқаны хабарланған болатын. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 минуттан кейін құқық бұзушыдан полиция қызметкерлері мен әуежайдағы азаматтардың көмегімен суық қаруы алынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күдіктінің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Кейін "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов Instagram желісінде видео бөлісіп, әуежайда жұмыс істейтін қызды құтқарған ер адам ағасы екенін айтты.

Алматы әуежайының қызметкерін құтқарып, оны кепілге алған ер адамды ұстауға көмектескен Мұса Әбдірайым оқыс жағдайдың қалай болғанын айтып берді.

Сол арада "Жігіттер" квартетінің продюсері Ерғали Әбдірайымов Әбдірайымов Мұса жайлы жазба жариялап, оны мақтан тұтатынын жасырмады.

Кейін Алматы әкімі мемлекет басшысының тапсырмасымен әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/incidents/2227641-blue-tobynyng-anshisi-almatydagy-kontsertinde-auezhai-qyzmetkerin-qutqargan-qazaqstandyqqa-algys-aitty-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif