"Один дома" фильмінің жұлдызы Кэтрин О’Хара қайтыс болды
Опубликовано:
Читать на русском
Қалың көрерменге әйгілі "Один дома" фильміндегі басты кейіпкер Кевиннің анасы рөлі арқылы танылған актриса Кэтрин О'Хара 71 жасында дүниеден озды. Бұл туралы Variety басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Суыт хабарды басылымға актрисаның менеджері хабарлаған.
О'Хара 30 қаңтарда Лос-Анджелестегі үйінде қысқа уақытқа созылған аурудан кейін қайтыс болған.
Басылымның жазуынша, О'Хараның Голливудтағы мансабы 50 жылға созылды.
Актриса кәсіби мансабын 1970 жылдардың ортасында өзінің туған жері Канададан бастап, комедиялық телешоуларға қатысқан. Ол актриса ғана емес, бағдарламаларға да сценарий жазған. Осы үшін 1982 жылы өзінің бірінші "Эмми" сыйлығын алған.
О'Хара After Hours, Beetlejuice сияқты көптеген фильмге түссе де, көрермен оны "Один дома" 1, 2 фильмдеріндегі басты кейіпкер Кевин Маккаллистердің анасы ретінде жақсы есте сақтап қалған.
60 жасында О'Хараның мансабы қайта өрлеп, "Шиттс-Крик" сериалындағы рөлі үшін екінші рет "Эмми" сыйлығын алды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/incidents/2337891-odin-doma-filmining-zhuldyzy-ketrin-o-hara-qaitys-boldy/