jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    "Қалаулымда" табысқан орыс жігіті мен қазақ қызы тойға дайындалып жүр (фото)

    : UGC

    Көпшіліктің қызу талқысына түсетін "Қалаулым" бағдарламасында ерекше жұп пайда болды. Орыс жігіті Алексей мен Динара есімді қазақ қызы шаңырақ көтеруге бел байлап отыр. Бұл туралы бағдарламаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

    Қалаулым
    : UGC

    Динара бағдарламаға қатысушы ретінде, ал Алексей үміткер ретінде осы жылдың басында көңіл жарастырды.

    Алексейдің екі жарым жасар ұлы бар, ажырасқан. Дегенмен, екеуі бір-бірін бес жылға жуық таниды, бірге жұмыс істейді, осы уақыт аралығында жай ғана достар ретінде араласқан. Динара Алексейдің өткен өмірі туралы жақсы білген және оған ешқандай қарсылығы жоқ.

    Алексей «Динара маған келісім берсе, қазақ тілін үйренемін», - деп уәде берді.
    Қалаулым
    : UGC

    Алексейдің отбасы қазақ келінге мүлде қарсы емес екен, тіпті анасы Динарамен танысуға өзі ниет білдірд". Ал Динараның анасының келісімін Алексей тікелей эфир барысында алған болатын.

    «Ана ретінде қарсы емеспін, бәлкім бұл қызымның бақыты шығар, мен оған қарсы бола алмаймын», - деді эфирге тікелей хабарласқан анасы.

    Жұп болып жүре бастаған кезде Динара Алексейге жасының келіп қалғанын, бала тууға асығатынын, сонымен қатар үйленуді тездету туралы да айтып өткен.

    Қалаулым
    : UGC
    Алексей «әзірге көреміз», - деп жауап бергенімен, үйіне жөндеу жұмыстарын жасап, тойға дайындық жүргізіп жатқан көрінеді.

    Жұпқа қатысты бағдарламаға қонаққа келген «Жігіттер» тобының әншісі Ердос «Мұсылман қызды өзге дін өкіліне тұрмысқа беруге болмайды. Ол шариғатта тыйым салынған», - деп пікір білдірген болатын.

    Қалаулым
    : UGC

    Динараның ойынша, адамды дінге, ұлтқа бөлудің қажеті жоқ. Олардың өзара келісімдері бойынша некені екі діннің де салты бойынша емес, заңды түрде ғана қияды.

    "Қалаулымда" табысқан орыс жігіті мен қазақ қызы тойға дайындалып жүр (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.