Instagram арқылы атағын шығарған қазақ қыздары кімдер? (фото)
Жарияланған күні:
Бүгінде көптеген адамдар әлеуметтік желі арқылы танымалдылыққа қол жеткізіп, жетістіктірге жетуде. Осы орайда, NUR.KZ порталы Instagram желісінде танылған қазақстандық арулар тізімін ұсынады.

Олардың қатарында Айжан Байзақова, Анара Батырхан, Әсел Асқар, Айым Алтынбекова, Жанерке Елшін бар.
Бойжеткендер танымалдылыққа қол жеткізгеннен кейін шығармашылықпен айналысуға көшкен.

Айжан Байзақова өзінің жартылай жалаңаш суреттері мен ұятсыз бейнебаяндары арқылы танылды. Бүгінде ол түрлі вайндарға түсіп, ән орындап та үлгерді. Сондай-ақ, атышулы ару еліміздегі танымал бағдарламаларға қонақ ретінде шақырылуда.

Анара Батырхан
Өзінің сөйлеу мәнерімен ерекшеленген ару да Instagram арқылы танымалдылыққа қол жеткізген. Қазір бойжеткен "Гу-гу-лет" бағдарламасының тізгінін ұстап, бейнебаян түсірді.

Әсел Асқар
Бүркіттің қарындасы әлеуметтік желі арқылы танымалдылыққа қол жеткізгендердің бірі. Өзіндік сұлулығы бар ару актрисалық және жүргізушілік қырынан танылуда. Күйеуінен ажырасқан оның бір ұлы бар.

Айым Алтынбекова - Aeka Posh атымен танылған. Ол кейін елімізге белгілі әртістің ұлы Дидар Кәденге тұрмысқа шығып, ұлды болды.
21 жастағы келіншек бүгінде бет әрлеу ісімен айналысады.

Жанерке Елшін
Үнемі отандық бағдарламалардан көрінетін ару да Instagram арқылы танымалдылыққа қол жеткізген. Жан Ахмадиевтің "Зың-зың" бейнебаянына түскен ол "Қалаулым" бағдарламасына қатысып, бақытын тапты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/1729976-instagram-arkyly-atagyn-sygargan-kazak-kyzdary-kimder-foto/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.