jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Азамат Сатыбалды Мүсірепов театрының директоры болып тағайындалды

    : Instagram

    Азамат Сатыбалды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы болып тағайындалды. Актер бұл лауазымды қызметте Сәбит Әбдіхалықовтың орнын басты деп жазады NUR.KZ.

    Азамат Сатыбалдының жаңа қызметке тағайындалуы жөнінде аталмыш театрдың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

    "Бүгін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, тележүргізуші, продюсер Азамат Сатыбалды тағайындалды. Құттықтаймыз" , - делінген жазбада.

    Айта кетейік, Азамат Сатыбалды 2001 жылдан бастап, Әуезов драма театрының актері ретінде жұмыс істеген. Оған қоса, әртіс көптеген отандық фильмдерде басты рөлдерді сомдаған.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Сәбит Әбдіхалықовтың басшылық қызметінен кетіп қалғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

    Азамат Сатыбалды Мүсірепов театрының директоры болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.