jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Кәмшат Жолдыбаеваның клипте қырғыз әншісімен сүйіскеніне оның әйелі куә болған

    : Instagram

    Осыдан біраз уақыт бұрын қырғыз әншісімен дуэт орындап, клип түсірген Кәмшат Жолдыбаева елді шулатқан туындысына қатысты пікір білдірді. Отандық әнші өзінің отбасылы ер адаммен сүйіскен сәтіне Мирбек Атабековтің жұбайы да куәгер болғанын айтты. Бұл туралы "Түнгі студия" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

    Кәмшат Жолдыбаева, Мирбек Атабеков. Фото: ВИдеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ
    Кәмшат Жолдыбаева, Мирбек Атабеков. Фото: ВИдеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

    Қос әнші жұрттың қызу талқысына түскен бейнебаян жұмыстарына өздерінің жақындары қатысқанын жасырмады.

    "Махаббат сахналары бізде өте ашық өтті. Ешкімнен қысылған жоқпыз. Мирбектің жұбайы да қасымызда болды. Бұл біздің - жұмысымыз. Бұл іске кәсіби тұрғыдан қараймыз. Өз өнеріме осындай дүниенің қосылғанына қуаныштымын", - деді Кәмшат Жолдыбаева.

    Ал Мирбек Атабеков болса клиптегі сүйіскен кадрлерде аздап ұялғанын мәлім етті.

    "Төбелес орын алатын сәттер оңай түсірілді. Ал Кәмшаттан аздап ұялдым. Кәмшат бұрыннан фильмдерге түсіп жүргендіктен, оған қиын болмады. Мен болсам, мұндай түсірілімдерге алғаш рет түстім. Осы кезде әйелім келіп "Сен ұялма! Бұл сенің жұмысың. Мен бәрін түсінемін" деп айтты.
    Оның бұл сөздері маған үлкен қолдау болды. Әуел бастан, Кәмшатпен клип түсіру жайлы ұсынысты әйелім айтқан болатын", - деді Мирбек Атабеков.

    Естеріңізге сала кетейік, Кәмшат Жолдыбаеваның әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

    Кәмшат Жолдыбаеваның клипте қырғыз әншісімен сүйіскеніне оның әйелі куә болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.