jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    "Бауырсағым": Астаналықтар Ержан Максимнің қолынан ұстау үшін кезекке тұрды (фото, видео)

    : Original

    Ресейлік "Голос. Дети" шоуының жеңімпазы Ержан Максим өзінің Нұр-Сұлтандағы алғашқы концертін аншлагпен өткізді. Жас өнерпаздың кеші қалай өткені туралы KAZ.

    NUR.KZ

    хабарлайды.

    Ержан Максим
    Фото: NUR.KZ, Алена Бутенко: Original

    Даусымен талайды тамсандырған әнші бала бүгінгі концертін Мәскеуге кетпес бұрын ұйымдастырды.

    Ержанның мамасы ұлына "шетелге кетпей тұрып, біздің халықтың алдында өнер көрсетуің керек", - деп айтқан.
    Ержан Максим
    Фото: NUR.KZ, Алена Бутенко: Original

    Ержан анасын да, жанкүйерлерін де жерге қаратпады - оның жеке концерті барша жұрттың көңілінен шықты.

    Астаналықтар жас әншіге орындарынан тұрып қошемет көрсетіп, оны бір сәтте гүлдің астында қалдырды.

    Кешті тамашалауға келген көпшілік Ержаннан автограф сұрап, концерт соңында жеткіншектің қолынан ұстап қалу үшін кезекке тұрды.
    Ержан Максим
    Фото: NUR.KZ, Алена Бутенко: Original

    Ержан Максим сахнаға алтынмен "апталып" шықты. Оның костюмінің авторы Димаш Құдайбергенге де киім тіккен отандық дизайнер болып шықты.

    Бүгінгі кеште жас әнші әр түрлі әсер сыйлаған секілді.

    Үлкен кемеде отырып, өзінің әкесі туралы ән салғанда жұрттың жанарына жас үйірді.

    Ержан Максим
    Фото: NUR.KZ, Алена Бутенко: Original

    Ұлы Отан соғысы батырлары мен туған жер туралы әні көпшіліктің көкейінде мақтаныш сезімін оятты.

    Ал әйгілі Boney M репертуарындағы ең танымал "Daddy cool" әнін шырқағанда жанкүйерлері ойнап-күліп, бір серіпіліп қалды.

    Ержан Максим
    Фото: NUR.KZ, Алена Бутенко: Original
    Осыған дейін де орындаған Селин Дионның "All by myself" және Муслим Магомаевтың "Синяя вечность" әндерімен Ержан тағы бір мәрте көпті тамсандырды.

    Айта кетерлігі, бұл кешке "Муз Тв" арнасының директоры Арман Давлетьяров келіп, "мен уәде бердім, сондықтан осындамын", - деді ол.

    Ержан Максим
    Фото: NUR.KZ, Алена Бутенко: Original

    Белгілі болғаны, Ержан тек үлкен жанкүйерлерін ғана сүйсінтпейді екен - сахнадағы үлкен экрандарда Димаштың сұхбаттарының бірінде өзінің ізбасарын "Менің бауырсағым" деп атайтыны айтылған сәттер көрсетілді.

    "Бауырсағым": Астаналықтар Ержан Максимнің қолынан ұстау үшін кезекке тұрды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.