jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Жолын өзім төлеймін": Танымал әзілкештің үйлену тойына барғыңыз келе ме?

    : Facebook

    Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапав қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол жуырда шаңырақ көтеріп, тойын Тараз қаласында өткізетінін айтты. Ең қызығы, әзілкеш үйлену тойына өз оқырмандарының арасынан екі адамды шақырмақшы. Алайда, ол үшін желі қолданушылары арнайы байқауда бақ сынау керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Шарапов бұл жайында өз Instagram парақшасында жазды. Ол соңғы уақытта желіге неге уақыт бөлмей кеткенін түсіндірді.

    "Соңғы кезде Instagram желісіне көп көңiл бөлмей кеттiм. Оның себебi, тойыма деген дайындық, ары-берi тойларда ұшып жүруiм болар. Шаршайсың, бос уақытта ұйықтап алсам деп жүресiң", - деді ол.

    Осылайша, әзілкеш той күнін белгілеп қойғанын айтып, екі оқырманын шақыруды көздеп отырғанын мәлімдеді.

    "Маңыздысы, менiмен алты жыл бойы бiрге болған оқырмандарыммен бiр жақсы жаңалықпен бөлiсейiн деп жатырмын.

    Алла қаласа 09.09.19 күнi, Тараз қаласында шаңырақ көтергелi жатырмын. Тойыма 800 мыңның бәрiн шақыра алмаймын. Рекорд орнатып бәрiн шақырғым-ақ келедi.

    Бiрақ, әттең ресторан кiшкентай. Сонымен, араларыңыздан екі адамға тойыма шақыру билетiн бермекпiн",- деп түсіндірді Шарапов.

    Нұрболханның тойына шақыру билетін алу үшін оқырмандар жазба астына әдемі тілек жазып, тілектің арасын үзбей, бірден бес досын белгілеу қажет.

    Ал ары қарай Тараз қаласына кім баратынын оқырмандар сараптайды.

    Жеңiмпазды мен емес сiздер анықтайсыздар. Ол қалай? Кiмнiң тiлегi көп лайк жинайды, сол екi оқырман тойымның қадiрлi қонағы болады. Олардың бiреуi ұл, бiреуi қыз болған дұрыс шығар. Қазақстанның қай түкпiрiнен келсе де, жолын өзiм төлеймiн",- деген әзілкеш барлық достарына сәттілік тіледі.

    "Жолын өзім төлеймін": Танымал әзілкештің үйлену тойына барғыңыз келе ме?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.