jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Жүректен кетті": Жанар Хамитованың өліміне қатысты тың ақпарат пайда болды (видео)

    : Instagram

    Әлеуметтік желіде Жанар Хамитованың өліміне қатысты жаңа дерек пайда болды. Тележүргізуші Дина Төлепберген өз парақшасында марқұмның ағасы Тәшібек Хамитовпен тілдескен тілшінің аудиожазбасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жанар Хамитова. Фото: Әлеуметтік желі
    Жанар Хамитова. Фото: Әлеуметтік желі: Instagram

    Журналист әншінің өлімі жайлы түрлі қауесеттер тарағанын алға тартты. Ол Жанар жайлы ақпараттың жалған екенін, шын мәнінде эстрада жұлдызының жүрегі тоқтап қалғанын жеткізді.

    "Желіде Жанар жайлы қанқу сөздер өріп жүр. "Асылып қалыпты, өзіне қол жұмсапты" деп көсіліп жатыр білгіштер. Ал шынтуайтына келгенде Жанардың нәзік жүрегі мына өрімтал өмірге шыдас бермей өз соғуын тоқтатты. Нақтысы осы",- деді ол.

    Өз сөзіне дәлел ретінде Дина марқұм қарындасы жайлы айтқан Тәшібек Хамитовтің аудиожазбасын көпке ұсынды.

    "Аудиода "Астарлы ақиқат" редакторы Руслан Үтепбей мен Жанардың ағасы Тәшібек Хамитовтің әңгімесі. Жалған ақпаратқа бой алдырмайық. Жанар, жатқан жерің жайлы болсын...", - деп толықтырды журналист.

    Ал жазбаға бекітілген аудиожазбада Тәшібек Хамитов қарындасының неден көз жұмғанын түсіндірді.

    "Үй тазалап жатқанда жүректен кетті. Қарқаралыға келгеніне 1-2 күн болды. "Асылып, қайтыс болды" деген қауесет жалған. Үйде еден жуып жатқанда көз жұмды", - деді марқұмның ағасы.

    Сондай-ақ, қара жамылған жанұя мүшесі әншіні сәрсенбі күні жер қойнына тапсыратынын айтты.

    "Жүректен кетті": Жанар Хамитованың өліміне қатысты тың ақпарат пайда болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.