Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмін кімге арнағаны белгілі болды
Жарияланған күні:
Режиссер Ақан Сатаевтың қызы Марйам "Томирис" фильмінің атауына қатысты құпияны ашты. Оның сөзінше, тарихи киноны әкесі шетінеген Томирис есімді қызының құрметіне арнаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Марйам Сатаева Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Менің үлкен әпкемнің есімі Томирис. Оның аты сақ патшайымының құрметіне қойылған. Қазір тірі болғанда 24 жасқа толар еді.
Әкем мен анам оны Томико деп атаған.
Мен оны көрген емеспін, бірақ әлі күнге дейін оны ойлап, қайғырамын. Бала кезімде ол қандай, кімге ұқсайтын еді, жанымда болғанда не болатын еді деп жиі ойлайтынмын. Неге отбасындағы тұңғыш қызбын, әпкемін деп ашуланатынмын. Әпкем болғанда жақсырақ болатындай көрінетін.
Ол бұл өмірдің дәмін татпастан бақилық болды. Әйтеуір, бірде Томирис екеуіміздің қосылатынымызға сенемін. Барлығы Жаратқанның қолында. "Томирис" фильмін әкем ең бірінші қызы Томиристің құрметіне арнады", - деді ол.
Еске сала кетсек, 26 қыркүйек Алматыда "Қазақфильм" киностудиясы тапсырысымен түсірілген режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмінің тұсаукесері өтті. Аталмыш картина алдымен Нұр-Сұлтан қаласында көрсетілген болатын.
Тарихи туындыны таспалау үшін үш миллиардқа жуық қаржы жұмсалғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/1819708-akan-sataevty-tomiris-filmin-kimge-arnagany-belgili-boldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 3
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Коррумпировано значит. Историю сакской красавицы или казахской государственности - показывают или рассказывают через государственные программы или призмы, а не смешивают в семейными делами. Сатаев хороший режиссер
Madison
Кто платит, тот и заказывает музыку, а платили тут из бюджета и наших налогов, но по пожеланию и идее, очень известного в РК человека, а его дочь была продюсером, причем отдельные режиссеры отказались в проекте участвовать. Идея создать фильм конечно хорошая, надеюсь, реализация тоже, а-то после Кочевников и подобных проектов идти в кино страшно, боишься разочароваться при таком бюджете, хотя некоторым бизнесменам и эта сумма показалась небольшой
Seitzhan
Бюджеттің ақшасына түсірген фильмді қалай қызына арнайды? Сатаевты бұрын сыйлаушы едім, осы фильмі қазақ халқын, тілін сыйламайтындығын көрсетті.
Вика_М