jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Қыздармен қыдырғанды ұнатамын": 29 жастағы жігіт ерте үйленгендерді сынға алды

    : Facebook

    29 жастағы Арнұр Көпбосынов ерте отбасын құрған адамдарды ақымақтарға теңеп отыр. Блогер өмірдің қызығына тойып болған соң 40 жасқа таяғанда ғана шаңырақ көтерген дұрыс деп есептейді. Бұл туралы әлі күнге дейін отау құрмаған азамат "Бір сұрақ" бағдарламасында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Арнұр Көпбосынов. Видеодан кадр/ Бір сұрақ
    Арнұр Көпбосынов. Видеодан кадр/ Бір сұрақ: Facebook

    Орда бұзар жасқа таяған блогер әлі де жастықтың қызығына тоймағанын айтады.

    "Ерте үйленген адамдар-нағыз ақымақтар. 40 жасқа келіп, ақыл тоқтатып отбасын құру керек. Қыздармен қыдырғанды ұнатамын. Жастық шақты көргім келеді. Ерте үйленіп, отбасылы болып, көп баланың әр мәселесіне жүгіріп жүремін бе? Мен солармен жүремін бе, әлде қыздарыммен қыдырамын ба?", - дейді ол.

    Асығыстыққа салынбағанды жөн көретін Арнұрдың қазіргі әйелдерге де көңілі толмайтын сыңайлы.

    "Мен үйлендім делік. Егер әйелім менен қайда баратынымды, қайдан келетінімді сұрамаса, бұрынғыдай "отағасы, келдіңіз бе, кіріңіз" деп тұрса, қашан келетінімді өзім білетін болсам, менің айтқанымды тыңдайтын болса, ойланбай үйленетін едім. Бірақ, қазір ондай жоқ", - деп түсіндірді ол өз көзқарасын.

    Ақылдың 40 жастан кейін ғана тоқтайтынын тілге тиек еткен блогер қиындыққа кезіккісі келмейтінін де жасырмады.

    "40 жастан кейін шал болып, клубта жүрмейсің ғой. Міне, сол кезде отбасын құруға болады. Айтуға оңай. Егер бастарыңызға іс түссе, "баламды, жанұямды асырайын ба, несие төлеймін бе" деп қайғырасыздар ғой. Мен олай қиналғым келмейді. Мен 21 жасқа дейін қыздармен жүрмедім, түнгі клубты білмедім. 21 жастан кейін аяғымнан тік тұрған соң өмірдің рахатын көргім келеді", - деп қорытындылады Арнұр Көпбосынов.

    "Қыздармен қыдырғанды ұнатамын": 29 жастағы жігіт ерте үйленгендерді сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.