jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Бірнеше тілде сөйлейтін сымбатты қазақ жігіті көпті тәнті етті (фото, видео)

    : Facebook

    Көп күннен бері әлеуметтік желіде бірнеше тілде сөйлейтін жігіттің видеосы тарады. Көптеген тілді еркін меңгерген ол соңында өз ойын қазақша қорытындылаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бейнероликті белгілі тележурналист, бүгінде Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғани Жәпішев өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

    "Тамаша! Тіл көз тасқа. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!", - деп жазды ол.

    Мұны көрген көпшілік жігітке тәнті болып, ақ тілектерін жаудырған.

    "Біздің елдің болашақтары, жарайсың", Айналайын, бақытты бол", "Өзге елдің қаншама тілінде сөйлесеңізде, Ана тілімізді қастерлеп, құрметтеп жүрген дұрыс", " Әр тіл өзінше ұлы. Туған тілің бәрінен артық. Осыны ұмытпайық! Талабыңа нұр жаусын, кішкентай бауырым! Әр қазақтың баласы сендей талапты, арманшыл, өз-өзіне сенімді болсын!", "Алла разы болсын, ботақан! Өркенің өссін!", - деп жазды олар.

    Ал видео авторы Талғатұлы Мейіржан тіл үйренгенді жақсы көреді екен. Ол желідегі парақшасында жазбаларын р тілде жазып қалдырады.

    Айта кетейік, Қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздарының бірі Әлішер Кәрімов бұған дейін ешкімге тіс жармаған құпия отасы туралы бар шындықты айтты.

    Әнші омыртқа жотасының қисаюы салдарынан күрделі дертке шалдығып, он бір сағаттық ота жасатқан болып шықты.

    Бірнеше тілде сөйлейтін сымбатты қазақ жігіті көпті тәнті етті (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.