jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Азаматтың жауһары": Бейсен Құранбектің досы оған деген сағынышын жеткізді (видео)

    : Instagram

    Отандық танымал журналист Серік Әбікенұлы бақилық болған досы Бейсен Құранбекке деген сағынышын әсерлі монолог арқылы жеткізді. Ол белгілі тележүргізушінің бойындағы асыл қасиеттері туралы айтып, оның өмірін қыршынынан қиған дерті қашан басталғанын мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Серік Әбікенұлының марқұм досына арнаған монологын Бейсен Құранбекпен бірге жұмыс істеген телепродюсер Әлия Құдайбергенова жариялады. Ол сағынышқа толы видеоны өзінің Instagram парақшасына жүктеп, ел назарына ұсынған.

    Халқына сыйлы болған журналист туралы әсерлі бейнежазба желідегілердің жүрегін елжіретті.

    "Бейсеке, азаматтығы бір биік, адамдығы бір биік, адалдығы бір биік асқар жігіт едің ғой. Таудың көк тасындай мықты екенсің. Морт кеттің, үгілмедің. 2018 жылдың желтоқсанында көңілге алаң кірді. 2019-дың көктемінде көкжиекті бұл торлады. Сол жылдың жазында найзағай ойнады. 2020-ның 18 мамырында көз жасынан жаңбыр жауды.
    Соңғы бір жылда бастан өткеннің бәрі қорқынышты түс сияқты. Тоғыз айлық толғаммен дүниеге келіп, тоғыз ай сынақпен келмеске кеттің. Бәріміз алақанмен қолқалап, жанталасып қорғаған үміттің әлсіз шырағы сөнді де қалды. Бірақ оның сәулесі талай жүректе қалып қойды. Бейсеке, шырағың сөнбесін", - деп жазды ол.

    Айта кетейік, бұған дейін Бейсен Құранбектің жеті жыл бұрын берген сұхбаты жарияланып, оның өміріне қатысты бірқатар тың мәліметтер белгілі болды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

    "Азаматтың жауһары": Бейсен Құранбектің досы оған деген сағынышын жеткізді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.