jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Атышулы қалаулымдық ару тікелей эфир кезінде ұзатылып, тұрмысқа шықты (видео)

    : Instagram

    Бастапқыда "Қалаулым" болып, кейіннен "Qoslike" деп атауын өзгерткен атышулы жобада жаңа отбасы құрылды. Бағдарламаға өз өмірлік серігін іздеп келген Назым Жұмабек есімді ару сүйіктісін жолықтырып, ресми түрде қалыңдық атанды. Бүгінгі тікелей эфир кезінде оның ұзату тойы өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: видеодан кадр.
    Фото: видеодан кадр.: Instagram

    Жоба ұжымы махаббат алаңында арқа сүйер азаматымен табысқан аруды тікелей эфирде ұзатты. Қуанышты шараға барша қатысушылар мен қос ғашықтың ата-анасы да қатысқан.

    Бағдарлама барысында алдымен бойжеткенге сырға салу рәсімі өтіп, одан кейін ол қазақи салт-дәстүр бойынша ұзатылды.

    Отбасылық өмірге қадам басқалы тұрған Назым Жұмабек өзге қатысушы аруларға жұғысты болсын деген ырыммен үкі таратып, барлығымен қимастықпен қоштасты.

    Атышулы бағдарламада әлі өз жұбын күтіп отырған басқа қыздар да ұзатуға байланысты әсем көйлектерін киіп келген.

    Ұзату рәсімі аяқталған соң, қос ғашық некелесті. Жоба қатысушысы киімін ауыстырып, ортаға қалыңдық көйлегімен шыққан. Екі жас бір-біріне неке жүзігін тағып, ресми түрде ерлі-зайыпты атанды.

    Айта кетейік, Назым Жұмабектің таңдауы Арсен есімді алматылық жігітке түскен. Бұл екі жас үшін де екінші неке болмақ. Екеуінің де бірінші отбасылық өмірі сәтсіз аяқталған. Тағдырлас жандар тек бір ай көлемінде кездесіп жүріп үйленуге шешім қабылдаған,

    Назым мен Арсеннің бірінші некелерінен бір-бір ұлы бар. Жоба қатысушысы өзін ғана емес ұлын да аманат етіп тапсыра алатын ерін жолықтырғанына аса қуанышты екенін жасырмады.

    Назым Жұмабектің ұзатылған сәтінің видеолары "QosLike" жобасының Instagram парақшасында жарияланған.

    Атышулы қалаулымдық ару тікелей эфир кезінде ұзатылып, тұрмысқа шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.