jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Қоршаған әлем маған қарсы көрінеді": Айгүл Иманбаева әсерлі жазбамен бөлісті

    Айгүл Иманбаева
    Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

    Отандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Айгүл Иманбаева желіде аса әсерлі жазба жариялап, қалың көпшілікті алаңдатып қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айгүл Иманбаева басына түскен қиыншылықтарымен қалай күресетіні туралы айтып, оқырмандарына жан сырын ақтарды. Өнер иесі жоспарлары іске аспай қалған кезде өзіне күллі әлем қарсы болғандай көрінетінін жеткізді.

    Адам бақытты өзі таңдайды. Бұл сөздерді қаншалықты жиі естігеніңізге қарамастан, оларда шындық бар. Кейде жоспарлаған жоспарларым болмай жатқан кезде қоршаған әлем маған қарсы көрінеді. Ондай кезде өмірді ақ-қара түсте көріп қалмау керек. Тау, тас, сумен сырласып қаланың маңайындағы табиғатты зерттеймін. Құдай Тағаланың жаратқан сұлулықтарына тәнті болам және соның бәрін Ол мен үшін жаратқанына мыңда бір шүкір етемін. Қасымда қоршаған достарыма көңіл бөлем, тума туысыма, отбасыма.
    Көңіл жылытар әңгіме айтып, өз жанымды өзім емдеймін. Адам баласы әрқашан шабыттанып, мотивациясын, ішіндегі отын жоғалтпас үшін тәнінен бөлек жанына қорек беру керек. Әр атқан таңды смартфонның экранымен қарсы алмай, терезенің пердесін ашып Жаратқанға атқан таңға рахметіңізді айтып бастаңыз. Жаныңыз Сіз сезбеген тыныштықты табады. Бәрі тек сіздің ниетіңізге байланысты. Ал сіз қиыншылықтармен қалай күресесіз" , - деп жазды Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында.

    Желі қолданушылары бірден әнші үшін алаңд

    "Қоршаған әлем маған қарсы көрінеді": Айгүл Иманбаева әсерлі жазбамен бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.