jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қанша ұрыс болды": Ерке Есмахан Нұрболат Абдуллинді сүйіп алғаны үшін бәлеге қалған

    Ерке Есмахан алтын адам кейпіндегі Нұрболат Абдуллинді сүйіп жатыр
    Фото: Видеодан кадр

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан "Маска" шоуының түсірілімі кезінде алтын адам кейпінде өнер көрсеткен Нұрболат Абдуллинді бетперде сыртынан сүйіп алған. Алайда, кейіннен әнші бұл әрекеті үшін қатты өкінген. Өнер иесі осы жайттан соң сүйіктісінен ұрыс естіген көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан бұл туралы Instagram желісінде айтып қойды. Нұрболат Абдуллин өз парақшасында аталмыш шоуда ән шырқаған сәттерінен ерекше видео үзінді жариялаған. Бейнежазбада Еркенің оны маска сыртынан сүйіп жатқаны да көрініс тапты.

    "Бұл шоудың да өз берері болды. Алтын адаммен бірге болғандарыңызға рахмет. Ерке Есмахан, масканың сыртынан неғылуды қойыңыз", - деп жазды Абдуллин.

    Өнердегі әріптесінің бұл жазбасына Ерке Есмаханның өзі де пікірін қалдырған. Ол осы сәт үшін көп ұрыс естігенін жасырмай айтты.

    "Ең құрығанда масканың сыртынан ғой. Осы сүюдің өзі қанша ұрыс болды" , - деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары бірден эстрада жұлдызының сүйіктісі Азамат Зенкаевтан сөз естігенін болжап жазды.

    "АZ қызғанып қалған болар", "Азаматтан ұрыс естіген боларсыз", "Ерке ғашығыңызды бұлай қызғандыруға болмайды ғой", "Азаматтың шоуға келуінің себебі енді түсінікті болған секілді", "Өте қызық жағдай болған екен", - деп жарыса жазды көпшілік.

    "Қанша ұрыс болды": Ерке Есмахан Нұрболат Абдуллинді сүйіп алғаны үшін бәлеге қалған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.