jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Үлкен қыз болыпты": Есейген Айару Бақытбек елдің назарын өзіне аударды (фото)

    Айару Бақытбек
    Фото: Instagram/aiaru_bb

    17 жастағы Айару Бақытбек жұлдызды анасы мен әпкесінен қалысар емес. Жас блогердің Instagram желісінде өзіндік аудиториясы да қалыптасқан. Бүгінде бойжеткенді 700 мыңнан аса адам оқиды. Оның адал жанкүйерлері күн сайын оның сұлулығына тамсанып, өз жылы лебіздерін білдіруде. Ал Айарудың соңғы жариялаған фотосы тіптен елді тәнті етті. Көпшілік продюсердің қызы кішкентай қыздың есейіп, сұлу аруға айналып кеткенін жарыса жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Айару өзінің жаңа фотоларын Instagram парақшасында бөліскен.

    "Сұлулық музыкада, биде, адам келбетінде, қалада. Бүгін мен оны барлығынан көрдім. Өзімнің сезімге толы сәтімді осы суретке сақтап алдым", - деп жазды ол .

    Желі қолданушылары Айарудың суретіне тәнті болып, оған өздерінің ыстық ықыласын білдірді. Оқырмандар оның енді кішкентай қыз емес, бойжеткен ару болып бара жатқанын жарыса жазды.

    "Үлкен қыз болыпты ғой", "Тәттісің", "Армандарың орындалсын, сұлу қыз", "Кеше ғана кішкентай қыз еді. Біреудің балалары тез өседі деген осы", "Есейіп кетіпті. Енді сұлу ару болып айналып шыға келді", "Сұлулығыңда шек жоқ. Мінсіз арусың", - деп жазуда көпшілік.

    "Үлкен қыз болыпты": Есейген Айару Бақытбек елдің назарын өзіне аударды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.