jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Басшылық қызметке орналасқан Ақбота Керімбекованың Lexus-570 сатып алғаны рас па (видео)

    Ақбота Керімбекова
    Фото: Instagram/botakerim

    Желіде танымал актер Қайрат Әділгерейдің Ақбота Керімбекованы жаңа көлік сатып алғанымен құттықтаған видеосы тарап кетті. Белгілі әзілкештің сөзінше, жақында ғана басшылық қызметке тағайындалған эстрада жұлдызы Lexus-570 маркалы темір тұлпардың иегері атанған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қайрат Әділгерей Instagram желісіндегі Stories бөлімінде бір топ жұлдыздармен бір дастарханда отырған сәтінен видие жариялаған.

    Бейнежазбада актер алдымен Абай Бегейді өткен туған күнімен, ал Жанар Айжанованы әже атануымен құттықтап өтеді. Одан кейін әзілкеш Ақбота Керімбекованы түсіріп, оның жақында ғана Lexus-570 көлігін сатып алғанын жария етеді.

    "Ақбота ханым, Lexus-570 құтты болсын. Шымкент қаласының мәдениет басқармасының төрағасы болғалы Lexus айдапты деп быт-шыт қылып, шатақ шығарып жіберсең", - деді Қайрат Әділгерей видеода.

    Әнші өз кезегінде бұл ақпаратты нақты растаған жоқ. Алайда, өзін жаңа темір тұлпар сатып алғанымен құттықтаған өнердегі әріптесіне "рахмет" деп айтты.

    Жанар Айжанова Керімбековадан "ақшаны қайдан алдың?" деген күтпеген сауал қойып, оны ыңғайсыз жағдайға қалдырған. Бұл сұрақтың соңын Әділгерей қалжыңға айналдырып жіберді.

    Айта кетерлігі, Ақбота Керімбекова өзінің желідегі парақшасында әзірге жаңа көлік сатып алғаны туралы ешқандай жазба қалдырған жоқ.

    Басшылық қызметке орналасқан Ақбота Керімбекованың Lexus-570 сатып алғаны рас па (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.