jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Qanay-дың Меховая 8/1 тобынан кететіні рас па: Әнші жеке продюсермен жұмыс бастаған

    Меховая 8/1 тобы
    Видеодан кадр: Youtube/Marat Oralgazin

    Отандық танымал "Қызық Live" бағдарламасына бұл жолы "Меховая 8/1" тобы қонақ болып келді. Хит әндердің орындаушылары шығармашылығы мен жеке өміріндегі жаңалықтарын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Белгілі болғандай, Қабдол Тілеков пен Жандос Самалбеков өткен жылы шаңырақ көтерген.

    Ал Нұрболат Қанай әлі отбасын құрған жоқ. Ол топтан бөлек, өзінің жеке шығармашылығын барынша дамытып жатыр. Әнші продюсермен жұмыс істеуді бастағанын айтты.

    "Тойыма ешкімді шақырған жоқпын. Мен карантин қызып тұрған кезде үйлендім. Тек Әбдіжаппарды шақырдым. Шыны керек, қиын болды. Бұған дейін тек Оралға ғана той жасадым. Енді Алматыдағыларға бөлек той жасасам деп отырмын. Біз Жандос екеуміз үйлендік. Ал Қанай продюсер алды. Жеке өз шығармашылығын шыңдап жатыр. Ұрсысып қалсақ, кетем деп қорқытады", - деді Қабдол Тілеков.

    Меховая 8/1 тобы алдағы уақытта да өз тыңдармандарын жаңа туындылармен қуантпақ. Олар өмір жолында "Ниет. Еңбек. Талант" деген ұстаныммен келе жатқандарын айтты.

    Qanay-дың Меховая 8/1 тобынан кететіні рас па: Әнші жеке продюсермен жұмыс бастаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.