jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Өміріміз бұрынғыдай болмайды": Джуринская күйеуі мен қызының ерекше видеосын бөлісті

    Жәния Джуринская мен оның сүйіктісі
    Фото: Instagram/djurinskaya

    Жақында ғана алғаш рет ана атанған актриса Жәния Джуринская желіде жолдасы мен қызының ерекше видеосын бөлісіп, елді тамсандырды. Желі қолданушылары әкесі мен қызына жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жәния Джуринская елдің ыстық ықыласына бөленген отбасылық бейнежазбасын Instagram парақшасында жариялады. Бірер күн бұрын ғана тұңғышын дүниеге әкелген актриса аналық өмірдің әсерін бөлісті. Ол күйеуі екеуі аса бақытты екенін жеткізген.

    "Енді өміріміз бұрынғыдай болмайды. Өміріміз одан бетер бақытты әрі жарық болмақ. Себебі өмірге сен келдің. Біздің махаббатымыздың жемісі. Көбісі перзентханадан қалай шығарып алғанын сұрап жатыр. Біз тып-тыныш үшеуміз ғана шығып, үйге келдік. Бізге басқа ештеңенің қажеті жоқ болды. Бір-бірімізді құшақтап, жуынғымыз келді", - деп жазды өнер иесі.

    Желі қолданушылары жұлдызды жанұяның ерекше сәтіне куә болып, оларға сүйсіне қарады.

    "Қандай ерекше сәт. Әкесі мен қызының алғаш кездесуі", "Қылықтары шыққан кезде тіпті тәтті болады", "Қыздарыңыз мақтанышыңыз болып өсе берсін", "Анасы сияқты сұлу болсын", "Күйеуіңіз жақсы әке болатын сияқты", "Қандай күшті. Көз тимесін", "Осындай бақытты сәттеріңіз көп болғай", - деп жазуда оқырмандар.

    "Өміріміз бұрынғыдай болмайды": Джуринская күйеуі мен қызының ерекше видеосын бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.