jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Екінші өмірім басталды": Жұлдыз Әбдікәрімова он жылдан кейін киноға қалай оралғанын айтты

    Жұлдыз Әбдікәрімова
    Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің он жылдық үзілісінен кейін кино саласына қалай оралғанын айтып берді. Өнер иесі енесі продюсерлік еткен "Арман" фильмінде басты рөлді сомдаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жұлдыз Әбдікәрімова ұзақ үзілістен соң ел алдына қайта шығу өзіне оңай соқпағанын жеткізді.

    "10 жылдан кейін менің екінші өмірім басталды десем де болады. Анамның (ене) идеясымен халықтың алдына жай шықпай, фильммен презентация жасауды шештік. Оның үстіне "атамның он жылдан кейін шығуыңа рұқсат берем" деген сөзі бар еді. Сонымен он жыл да өтіп, менің ел алдына шығар сәтім туды", - деп әңгімесін бастады актриса.

    Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-і
    Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Оның сөзінше, "Арман" фильмінің түсірілім алаңында оны өзге әртістер жылы қарсы алмаған.

    "Мені қуана-қуана қабылдамады. Бетіме күліп қарағанымен, сыртымнан пыш-пыштаған әңгімелерін еститінмін. Бірде текстіме дайындалып отырсам, менің барымды байқамаса керек: "Әрине, мен де әншінің әйелі болсам, актриса болмасам да басты рөлде ойнайтын едім. Ешкімге ештеңе демедім. Тек өзіме "Барыңды салып, ойнап шығасың. Сөзбен емес, іспен дәлелдейсің. Егер ісіңмен дәлелдей алмасаң, қанша жерден әншінің әйелі болсаң да, бұл рөлді расымен алып шығатын актрисаға бересің" дегем", - деп жазды ол.

    Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-і
    Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Оған қоса Әбдікәрімова отбасына арнаған он жылдасабырлы болуды үйренгенін айтты.

    "Мұның бәрін "Қараңдар, мен осындай кереметпін" деу үшін айтып отырғаным жоқ. 10 жыл маған сөйлемей-ақ үндеуді, сабырлы болуды үйретті. Мен баяғы 16 жасар Жұлдыз емес едім. Нені қалайтынымды және қалай жететінімді нақты білдім. Мақсатқа жету үшін - сөз кедергі жасаса, іс көмектесетінін түсіндім", - деді ол.

    "Екінші өмірім басталды": Жұлдыз Әбдікәрімова он жылдан кейін киноға қалай оралғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.