jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Бақытты болуыңды тілеймін": Мақпал Жүнісова қызын туған күнімен құттықтады (видео)

    Мақпал
    Фото: Ашық дереккөзден

    Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова жалғыз қызы Мерейді 20 жасымен құттықтап, желіде оған аналық ақ тілегін жолдады. Өнер иесі перзентінің көңілін көтеріп, оған түнгі он екіде ерекше тосынсый жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында қызының туған күнінен видео жариялап, оған жүрекжарды тілегін жеткізген. Ол перзентіне бақыт тілеп, болашақта оның үйлену тойын дүркіретіп өткізуді армандайтынын айтты.

    Әнші жариялаған бейнежазбадан құшағына гүл шоғын басып тұрған Мерейді көруге болады. Ол өзіне тосынсый жасаған анасына алғысын айтты.

    "Қызым, 20 жасың құтты болсын. Гүлдей жайнап құлпырып, осындай көрікті қыз болып, ақылды қыз болып жүре бер. Болашақта сенің бақытты болуыңды тілеймін. Алла ұзақ ғұмыр берсін, жаным сол. Сүйгеніңе қосылып, болашақта сенің тойыңда Алла бүкіл туған-туысқанның басын қоссын", — деді әртіс.

    Желі қолданушылары құттықтау легін жалғастырып, Жүнісованың қызына жылы лебізін білдірді.

    "Бақытты болуыңды тілеймін": Мақпал Жүнісова қызын туған күнімен құттықтады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.