jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Тойда ән айтып тұрған Өмірқұл Айниязовты қонақтар көтеріп алды (видео)

    Өмірқұл Айниязов
    Өмірқұл Айниязов: Instagram

    Әнші Өмірқұл Айниязов кезекті тойда өнер көрсеткенде қызықты оқиғаға тап болған. Мерекелік кеш қонақтары көпшілік алдында ән салып тұрған әртісті көтеріп алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Өмірқұл Айниязов той қонақтарының ерекше құрметіне ие болғанын Instagram парақшасында айтып берді. Ол есте қаларлық сәттің видеосын жариялап, оқырмандарына көрсеткен.

    Бейнежазбада өнер көрсетіп жатқан әншіні бірнеше ер азаматтың орындыққа отырғызып, артынан көтеріп алғанын көруге болады. Мұндайды күтпеген өнер иесі қонақтардың бұл әрекеті қатты таңғалған.

    "Төбесіне көтеріп ән салдырған халқымнан айналайын", - деп жазды видео астында ол.

    Желі қолданушылары қызықты оқиғаның видеосын қызу талқылап, өз пікірлерін жаудырды.

    "Алла абыройыңызға кір келтірмесін", "Осылай халқыңыз көкке көтеріп жүре берсін. Әбден лайықсыз", "Шынайылығың үшін,сені жақсы көреміз, бауырым", "Сұлтан Сүлейман жолда қалды. Құлатып алмаса екен деп жаным шықты", "Төбеге көтеретін азаматқа лайықтысыз", - деп жазуда олар.

    Тойда ән айтып тұрған Өмірқұл Айниязовты қонақтар көтеріп алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.