jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Әнші Нұрлан Еспанов ұлына жаңа көлік сыйлады (фото)

    Нұрлан Еспанов ұлымен
    Фото: Instagram/espanov_n

    Отандық эстрада жұлдызы Нұрлан Еспанов ұлына ерекше сыйлық жасады. Өнер иесі перзентіне су жаңа көлік тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл жаңалығын Еспанов Instagram парақшасында бөлісті. Ол баласына КIA K7 көлігін сыйлаған.

    Әншінің ұлы желіде су жаңа темір тұлпарын көрсетіп, көпшіліктен сүйінші сұрады.

    "Балама осындай көлік алдырдым. Құттықтап қойсаңыздар болады. Сіздерге де жұғысты болсын. Қуанышыммен бөлісіп қояйын дегенім ғой. Олжас балам, көлігің құтты болсын! Игілігіңе мін. Астыңда тозсын! Енді осы көлікпен үйге келін алып кел", - деп жазды ол.

    Олжас Еспанов өз кезегінде асқар тау әкесіне алғысын айтты.

    "Құттықтап қойсаңыздар болады! Рахмет пап! Жаңа машина, жаңа нөмір! Аллаға шүкір! Сіздерге де жұғысты болсын! Көрімдік қабылдаймын", - деп жазды әртістің ұлы.

    Оған қоса Олжас Еспанов су жаңа көлігіне аса қымбат нөмір таққан.

    Әнші Нұрлан Еспанов ұлына жаңа көлік сыйлады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.