jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Тараздағы концертке кешігіп, тойда ән айтқан Қайрат Нұртастың видеосы желіде қызу талқылануда (видео)

    Қайрат Нұртастың фотосуреті
    Қайрат Нұртас. Фото: instagram/kair_n

    8 қазан күні Таразда қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт өтті. Аталған салтанатты шарада Қайрат Нұртас та ән салуы керек еді. Алайда мыңдаған адам жиналған кеште Қайрат төбе көрсетпеген. Әншінің өзі желіде неліктен концертке қатыспаған түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қайрат Нұртастың қала күніне арналған мерекелік кеште ән шырқайтынын қалалық әкімдік хабарлады. Әншінің Таразға келетіні туралы хабарландыру қала көшелеріне ілінген.

    Мерекелік концерт туралы хабарландыру
    Қала күніне арналған жарнамалық парақ. Фото: facebook/akimatTaraz

    Өкінішке қарай, орталық алаңға жиналған қауым Қайратты сол күйі көре алмады. Кейін әнші әлеуметтік желі арқылы тараздықтарға сәлем жолдап, концертке кешігіп қалғанын айтқан.

    "Ассалаумағалейкум, Тараз қаласы, қалайсыздар? Концертке кешігіп қалдық. Жол ғой, енді. Аман болыңыздар!", - деді әнші.

    Кейін әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың сол күні Тараздағы тойда ән салып тұрған видеосы тарады.

    "Қайрат концертке үлгермесе де, тойға үлгерді", - деп жазды Taraz_life парақшасы.

    Десе де, желі қолданушылары әншінің концертке қатыспағанына наразы болып, видеоның астына түрлі пікірлерін жазған.

    "Қызық әрине, мерекеде халық үшін ән салуға үлгермеп еді, тойға үлгерді", "Қаншама адам жиналып еді, ұят болды бұл тірлігі", "Енді тегін кім концерт бергісі келеді, ал тойда ақша төленеді ғой", - деген сынды пікір жазғандардың қарасы көп.

    Әншіні жақтап, оны түсінуге шақырып жатқандар да жоқ емес.

    "Білмей жатып адамның сыртынан сөз айтуды қояйық. Мүмкін біз білмейтін себептері бар шығар", "Үлгермесе үлгермеген шығар, түсіністік танытайық", - деді кей желі қолданушылары.

    Тараздағы концертке кешігіп, тойда ән айтқан Қайрат Нұртастың видеосы желіде қызу талқылануда (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.