jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Гүлзира Айдарбекова күйеуінің туған күнінде ән айтқан әншіге бриллиант тақты (видео)

    Гүлзира Айдарбекова, Наркенже
    Гүлзира Айдарбекова, Наркенже: instagram.com/narkenjeserikbaeva

    Күні кеше Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков 57 жасқа толды. Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова тойда ән салған әншіге бриллиант сырға-жүзік тақты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы сыйлық алған әнші Instagram парақшасында жариялады.

    "Кешеден бері дүбірлетіп той жасап жатқан Нұртас Айдарбеков ағамыздың шаңырағынан осылай қуанып қайтып бара жатырмыз. Мені "ел алдында алтындай жарқылдап жүрсін" дегені шығар Гүлзира Айдарбекова жеңгеміз өзінің осындай үлкендігін көрсетіп, маған бриллиант комплекті сыйға тартты.

    Баладай көңілімді даладай қылып елге қайтарған көңілдеріңізге Алла разы болсын! Үбірлі-шүбірлі, түбірлі болыңыздар", - деп жазды Наркенже Серікбаева.

    Сондай-ақ өнер иесі өзіне сыйланған сырға мен жүзіктің бағасы қанша екенін де көпшілікке көрсеткен.

    Наркенже Серікбаева
    Наркенже Серікбаева. Фото: instagram.com/narkenjeserikbaeva

    Фотодағы мәліметке сүйенсек, бриллиант жиынтықтың сырғасы - 750 мың теңге, ал жүзігі - 500 мың теңге тұрады.

    "Гүлзира Айдарбекова, сізге Алла разы болсын! "Зергерлік бұйым ба?" деп сұрағандарға қайта салдым", - деді әнші Серікбаева.

    Айта кетейік, кеше Қайрат Нұртастың әкесі 57 жасқа толған болатын.

    Гүлзира Айдарбекова күйеуінің туған күнінде ән айтқан әншіге бриллиант тақты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.