jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Гүлмира Сатыбалды сотта соңғы сөзін айтты

    Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды
    Гүлмира Сатыбалды. Видеодан кадр: КТК арнасы

    Гүлмира Сатыбалдының қылмыстық ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Бүгін тараптардың жарыссөзі аяқталғаннан кейін сотталушыға соңғы сөз айту құқығы берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Құрметті сот, мен адвокаттарымды толығымен қолдаймын және заңды шешім қабылдауды сұраймын. Мен жәбірленуші Мекешовамен татуласқанымды ескеруіңізді сұраймын. Алагөзовтың әрекетіне баға беруіңізді және менің балаларым мен немерелерімнің өміріне қатысуға мүмкіндік беруіңізді сұраймын", — деді Гүлмира Сатыбалды.

    Еске сала кетейік, 2022 жылғы наурызда Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдының ұсталғаны белгілі болған еді.

    Биыл наурыз айында оған қатысты іс бойынша сот отырысы басталды.Айыптаушы тарап Гүлмира Сатыбалдыға мынадай қылмыстар бойынша айып тағылғанын мәлімдеді:

    • Қылмыстық кодекстің 389-бабының ("Өзінше билік ету") 3-бөлігі – күш қолдана отырып немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы немесе адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру;
    • 28-баптың 3-бөлігі, 125-баптың 2-бөлігінің 1 тармағы бойынша – алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен жасалған қылмыс, адам ұрлауды ұйымдастыру.
    Гүлмира Сатыбалды сотта соңғы сөзін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.