jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Меруерт Түсіпбаева 17 жыл бұрын өмірден озған інісіне жантебірентерлік жазба арнады (фото)

    Меруерт Түсіпбаева. Фото
    Меруерт Түсіпбаева. Фото: Instagram/ meruert_tusupbaeva

    Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева осыдан 17 жыл бұрын өмірден озған інісіне жазба арнады. Өнер иесінің бауыры 23 жасында өмірден өткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Меруерт Түсіпбаева інісіне деген жантебірентерлік жазбасын Instagram желісіне жариялады.

    "17 жыл бұрын 17 мамыр күні 23 жаста бауырым Біржан бұл дүниеден озған еді. Таңертең оянып, 17 жыл бұрынғы өмірімді есіме түсірдім.

    Ол кезде менжас едім, сұлу едім, тәкәппәр едім. Басқалардың жақындары өледі-кетеді, тек менде бәрі күшті, ешкім кетпейді, ешкім қайтпайды, ешкім өлмейді деп ойлайтын едім. Менің шат-шадыман өмірім дәл осы күні дейін және кейін болып екіге бөлінді. "Дүңк" етіп жерге түстім. Өзгерлім. Жұлдыз емес пенде екенімді түсіндім. Қабылдадым.

    Біржан-ау! Өкініштісі сол, мен ешқашан сенің есейген шағыңды көре алмаймын. Сен менің жадымда мәңгі осы қалпыңда, жауқазын 23 жасыңда қаласың. Қыршыннан қиылған күнім-ау! Бүгінде қандай болар еді деп, ой жүгіртіп кейде қиялдаймын. Жұбайыңды, отбасыңды, балаларыңды елестеткім келеді. Бірақ, ащы шындық, менің шексіз қиялыма жол бермейді. Бір кем дүние. Сен біздің отбасымызда барлығынан асқан мейірімді едің. Жаның жәннатта болсын, бауырым", - деп жазды әнші.

    Естеріңізге сала кетейік, биыл әнші көпшілікке жаңа үйін көрсеткен болатын.

    Меруерт Түсіпбаева 17 жыл бұрын өмірден озған інісіне жантебірентерлік жазба арнады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.