jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Үйіне кетіп қалған кездері болды": Тәуекел Мүсілім әйелімен арадағы түсініспеушіліктер жайлы айтты

    Тәкеуел Мүсілім жұбайы Махаббатпен. Фото
    Тәкеуел Мүсілім жұбайы Махаббатпен. Фото: Instagram/mahonti__

    Актер Тәуекел Мүсілім жұбайы Махаббатпен болған отбасылық өмірдегі түсініспеушіліктер туралы сөз қозғады. Бұл туралы "Осколки" подкастына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қиын кезеңдер болды. Бір-бірімізге үйренісе бастаған кез. Кездесіп жүрген шақтар ол қызықты қашанда. Түрлі бояулар. Ал тұрмыс мүлдем басқа нәрсе. Басқа атмосфера. Бірақ біз әңгімелесу арқылы осы тұрмысқа да бояу беруді үйрендік.

    Бұл біздің отбасымызды құтқарды деп айта аламын. Өйткені оның өз үйіне, ата-анасына кетіп қалған кездері болды. Мен де: "бір-бірімізден демалайық", - дедім.

    Егер біз әрі қарай да қарым-қатынасымызды анықтай берсек, жағдай басқаша болар ма еді?! Кейін қайта сөйлесіп, арамыздағы кем-кетіктерді реттеген соң, бәрін басынан бастадық.

    Үлкеніміз Айтөре туылды. Кейін Әмір дүние есігін ашты. Кейде: "Біз көптен бері ұрсыспай кеттік қой", - деп әзілдейміз.

    Ең жақсысы - біз бір-бірімізді түсінеміз және өмірлік ұстанымымыз бір - даму, зерттеу, қызығу. Осы нәрселер бізді қатты жақындастырады", - деді Тәуекел Мүсілім.

    "Үйіне кетіп қалған кездері болды": Тәуекел Мүсілім әйелімен арадағы түсініспеушіліктер жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.