jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Тыңдап отырып, ұялдым": ұзату тойда ән салған Қайрат Нұртастың әйелі сынға қалды (видео)

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукәрімова
    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукәрімова. Фото: instagram/kair_n

    Актриса Жұлдыз Абдукәрімова енді әншілікке бет бұра бастады. Ол ұзату тойларының бірінде ән шырқаған, деп жазады актрисаның желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Қызымызды ұзаттық. Арайжан, аттаған босағаң ақ болсын! Барған жерің құт болсын, бақытың еселеніп жұп болсын! Бағың баянды болсын!", - деп жазды актриса.

    Осы орайда Жұлдыздың ұзату тойда ән салғанын құптаушылар көп болды. Олар Жұлдыз сияқты көпбалалы әрі үлгілі ананың қызды ұзатқанын жақсы ырымға балаған.

    Ал кейбір желі қолданушылары Жұлдыздың даусы мен әншілік қабілеті жоқтығын алға тартты.

    "Осы жерден қоя саласың-ау. Тыңдап отырып, өзім ұялдым. Салтанат ұзатса - дауысы бар, Қарақат ұзатса - дауысы бар, ал енді сенікі - ұят. Жұлдыз, күтпедім сенен";

    "Ренжімеңіз, бірақ ән айтқанда дауысыңыз жаман", - деп жазды желі қолданушылары.

    Айта кетелік, бұған дейін Жұлдыз Абдукаримова мен Айгүл Иманбаева дуэт орындаған болатын.

    "Тыңдап отырып, ұялдым": ұзату тойда ән салған Қайрат Нұртастың әйелі сынға қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.