jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Блогер Zheka Fatbelly жұбайына 2000 дана раушан гүлін сыйлады (видео)

    Zheka Fatbelly жұбайымен
    Zheka Fatbelly жұбайымен. Скриншот: instagram.com/zheka_fatbelly

    Көпшілікке Zheka лақап есімімен танымал блогер Жеңіс Омаров жақында сүйіктісімен мұсылманша некесін қидырған болатын. Блогер жұбайына 2000 дана раушан гүлін сыйлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Менің өмірімдегі ең маңызды адам - анам. Оны сіздер де білесіздер. Анама 5000 дана раушан гүлін сыйладым. Аналардың құрметіне мурал салдым. Осылайша махаббатымды дәлелдегім келді.

    Қазір өмірімде екінші маңызды әйел пайда болды. Ол - мен үшін сүйікті жан, болашақ балаларымның анасы. Біз некемізді қидырдық, бірақ той жасамадық. Өйткені, барлығы жылдам өтіп жатыр. Бәрін қабылдап, түсініп үлгермей жатырмыз. Бүгін сүйіктімді ерекше қуантып, махаббатымды көрсетемін деп шештім", - деді блогер видеода.

    Сондай-ақ видеодан блогердің сүйіктісінің тосынсыйға таңғалғанын көруге болады.

    Сонымен қатар Zheka Fatbelly ер азаматтарды сүйіктісіне жиі қуаныш сыйлауға шақырды.

    "Бұл видеоны ғашықтар ескерсе екен деймін. Сыйластық пен махаббатыңыз азаймасын. Ер азаматтар, әйелдеріңізге гүл сыйлаңыздар. Олар қуанса, біз содан қуат аламыз. Ал құрметті әйелдер қауымы, сіздер ер азаматтың осындай сыйлық жасауына себепкер болып, бізді шабыттандырудан шаршамаңыздар", - деді блогер Instagram парақшасында.

    Айта кетейік, блогер Zheka Fatbelly жақында мұсылманша некесін қидырған болатын.

    Блогер Zheka Fatbelly жұбайына 2000 дана раушан гүлін сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.