jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Немере болса бәріне шыдайтын ем": Айдарбекова ұлы неге ажырасып кеткенін ашып айтты

    Гүлзира Айдарбекова сұхбат беруде
    Гүлзира Айдарбекова сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Makpal Karatai

    Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғар Нұртас не себепті ажырасып кеткенін ашып айтты. Ол бұл жағдай өзіне аса аур тигенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айдарбекованың айтуынша, ұлы мен келіні отбасылық өмірде бір-бірінің адамы емес екенін түсініп, артынан ажырасуды жөн көрген. Ол екеуінің де өз бақытын табатынына сенім білдірді.

    Продюсер ханым олардың шешіміне көнгенімен, арада бала болғанда "бұл отбасыны сақтап қалу үшін барын салар едім" деді.

    "Қатты қиыналдым. Менің енелік тәрбием дұрыс болмаған соң, келінім кетіп қалған сияқты болды. "Гүлекенің келіні кетіп қалыпты" деген сөздің өзі маған ауыр тиді. Бірақ, ол мүмкін емес болды. Өйткені ол менің ұлымның өмірлік жары болды. Одан сен қаншама ұрпақ сүйесің. Енді оның іздеген әлемі басқа болды. Біздің әлемге келісе алмайтын болғаннан кейін, балам да, өзі де түсінді. Содан кейін жай ғана бөлінгенін қаладық.

    Олар әлі жас, артында жылап қалды дейтіндей ұрпағы жоқ. Ол жерде бір немере болса мен жабысып қалатын едім. Қандай қиындық болса да шыдайтын едім. Ол да мүмкін өз бақытын тауып қалар. Заңғар да өз бақытын тауып қалар. Екеуі бір-бірінің адамы емес екен ғой деген тұжырымға келдім. Соған көндім", - деді Айдарбекова Мақпал Қаратайға берген сұхбаты кезінде.

    "Немере болса бәріне шыдайтын ем": Айдарбекова ұлы неге ажырасып кеткенін ашып айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.