jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Отандық жұлдыздар Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қалай қашқанын көрсетті (видео)

    Әлихан Байзақов әуежайда
    Әлихан Байзақов әуежайда. Фото: Instagram/baizaakov

    Түнде болған жер сілкінісінен кейін шошынған алматылықтар оның қайталануынан қорқып, жаппай далаға шықты. Үйін тастап қашқан көпшілік арасында отандық шоу-бизнес өкілдері де бар. Қазақстандық жұлдыздар да ел қатарлы баспанасын қалдырып, қауіпсіз жерге баруға тырысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Актриса Жәния Джуринская елден қалыспай, жанұясымен бірден далаға шығып кеткен. Өнер иесі парақшасында қашып бара жатқан сәтінен видео жариялады.

    "Алматы түні. Жер сілінісі. Белгісіз жаққа жүгіріп бара жатырмын. Не істерімді білмегенде күле беремін. Таңғы бесте тағы да жер сілкінеді деп жатыр. Сенуге бола ма", - деп жазды ол.

    Әлихан Байзақов жер сілкінген бойда үй киімімен көшеге шығып кеткен.

    "Алматыда жер сілкінді. Үй киіміммен далаға жүгіріп шықтым. Өте қорқынышты екен", - деді блогер.

    Атышулы Байзақованың інісі бірден әуежайға жол тартқан.

    "Әуежайға келіп, жақындарыма Астанаға билет іздедік. Абай болыңыздар", - деп жазды ол.

    Жақында үшінші перзенті дүниеге келген әнші Серік Ибрагимов Әл-Фараби бойында кептелісте тұрғанын көрсетті.

    "Бізден де қатты қимылдайтын адамдар бар екен ғой. Бәрі қаланың сыртына шығып жатыр. Әл-Фарабидің бойы кептеліс. Алматыда жер сілкініп, бәрі сыртқа шығып кетті. Бізде отбасымызбен жер үйге кетіп бара жатырмыз", - деді өнер иесі.

    "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов жер сілкінгеннен кейін көршілерімен далаға шығып кеткенін айтты.

    "Алматыда әжептеуір жер сілкінді. Барлығы далаға жүр. Алла сақтасын", - деп жазды ол.

    Әнші Наzима да бірден үйінен шығып, таңға дейін көлікте отырған. Өнер иесі мұндай жағдайларға әркез дайын болу керек деп өзі үшін шешім қабылдаған.

    "Көпқабатты үйлерде тұрмау керек екен. Себебі 20-қабаттан баспалдақпен бірер минутта түсу мүмкін емес", - деп жазды әнші.

    Назиманың Stories-i
    Назиманың Stories-i. Скриншот: Instagram/13nazima

    Әли Оқаповтың келіншегі Ақерке Бүркітбай мұндай қорқынышты жағдай басынан алғаш рет өткенін айтты.

    "Алматыға келгелі сезінген ең қатты жер сілкінісі. Осындай жағдайлар тек жерді ғана емес, бәрімізді бір сілкіндіріп, тәубемізге келтіретіндей. Барымызды бағалайық, бір-бірімізге мейірімді болайық", - деп жазды әнші

    Ақерке Бүркітбайдың Stories-i
    Ақерке Бүркітбайдың Stories-i. Скриншот: Instagram/akerkeburkitbay

    Отандық жұлдыздар Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қалай қашқанын көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.