jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Музарт" тобының бұрынғы әншісі Мақсат Базарбаев қазір қайда жүр

    Мақсат Базарбаев
    Мақсат Базарбаев. Фото: instagram.com/maksat_bazarbay

    Әнші Мақсат Базарбаевтың "Музарт" тобынан кеткеніне 20 жылға жуық уақыт өткен. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында қазір қайда жүргенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Негізі өнердің ортасында жүрмін. Алматы қаласында "Алматы әуендері" ұжымында жұмыс істеймін. Мемлекеттік қызметтемін.

    Өнерді бала кезден бастадым. 1998 жылы сахнаға шығып бастадым. 2001 жылға дейін "Бауыржан шоу" театрында әнші, актер болдым. 2001 жылы "Музарт" тобын құрдым. Топтың аты 6 айға дейін қойылмады. Үштік болдық. Ең алғаш "Сенің көзің" деген әнді жаздырдық. Арамызда Мейрамбек Бесбаев көшбасшы болды. Онымен бірге ән айтқаныма бақыттымын. Жігіттермен әлі күнге араласамыз. Бет жыртысып кетпедік. Қандай қуаныш, қайғы болмасын - біргеміз. Байланыстамыз", - деді Мақсат Базарбаев.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Мақсат Базарбаев әлеуметтік желідегі жазба жариялап, достарының азайып бара жатқанын айтқан болатын.

    "Музарт" тобының бұрынғы әншісі Мақсат Базарбаев қазір қайда жүр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.