jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Cүйіктісімен сурет жариялаған Айжұлдыз Адайбекова көпшілікті қызықтырып қойды (фото)

    Айжұлдыз Адайбекова
    Айжұлдыз Адайбекова. Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

    Актриса, әнші Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі бар екенін айтты. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жаңалығын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Актриса наурыз айының суреттерін жариялаған. Суреттер арасынан Айжұлдызды құшақтап тұрған адамды байқауға болады. Алайда оның кім екені, түрі суретте көрсетілмеген.

    Желі қолданушылары Адайбекованың бұл жаңалығын қуана қабылдап, белгісіз азаматтың кім екенін жарыса сұрады.

    "Екінші сурет қуантарлықтай екен", "Бақытты болуға лайықсың", "Өмірлік серігі", "Бақытты болыңыз", "Құттықтаймыз", "Көрімдік береміз, кім екенін көрсетіңіз", – деп жазды желідегілер.

    Ал Айжұлдыз Адайбекова желі қолданушыларына жауап беріп, алғыс айтты.

    "Бәріңізге алғыс білдіремін. Сіздерге де жұғысты болсын", – деп пікір қалдырды Адайбекова.

    Еске сала кетейік, Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова 2020 жылы Қыран Талапбекке тұрмысқа шығып, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен болатын. Қазір олардың ортақ ұлы бар.

    Кейін отандық бағдарламалардың біріне сұхбат берген Қыран Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқан соң өзінің сүйіктісін тапқанын және басы бос еместігін айтқан еді. Ал былтыр жазда Қыран Талапбек қайта шаңырақ көтерді.

    Cүйіктісімен сурет жариялаған Айжұлдыз Адайбекова көпшілікті қызықтырып қойды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.