jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Деңгейін түсірмеңіздер": Гүлзира Айдарбекова Димашпен салыстыра беретін көпшілікке шүйлікті

    Гүлзира Айдарбекова сұхбат беруде
    Гүлзира Айдарбекова сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Makpal Karatai

    Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді аралаған кезінде өзін қайтадан Димашпен салыстырып, сынға алған оқырмандарына шүйлікті. Желідегілер өнер адамдары Димаш көмектескеннен кейін ғана қимылдай бастағанын айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушыларының бірі Гүлзира Айдарбекова жариялаған видеоның астына "Димаш келген соң, ұялғаннан келген" деген пікір қалдырып, продюсердің ашуын тудырды.

    Қайрат Нұртастың анасы Димаш тақырыбын қайта қозғап, салыстыруды доғармайтын жандарға жауап берді. Белгілі продюсер өнер адамдары ел басына қиын жағдай түскенде әркез көмектесуге дайын екенін жеткізді.

    "Димашты көрінген жерде айтып, деңгейін түсіре бермеңіздер. Димаш ол Димаш. Ешкім Димаш бола алмайды, оған Аланың берген бағы. Өнер адамдары Димашты аңдымай-ақ қай кезде болмасын елдің басына іс түскенде қарап калған кезі болған жоқ. Бәрі пенде, бәрінің жүрегі бар. Міне қанша айтып жазып жатырмын, бір-бірімізді күндемейік, елді кері пікірге итермелеп өсек айтпайық. Мына болып жатқан жамандық атаулы сол қара ниетімізге көрініп жатыр деп, сөзді бұрмалаған түсінігі жоқ адамдарды мен халық деп ойламаймын. Олар арандатушылар. Бәріміз бір қазақтың баласымыз осыны түсіну керек", - деп жазды Айдарбекова Instagram парақшасында.

    "Деңгейін түсірмеңіздер": Гүлзира Айдарбекова Димашпен салыстыра беретін көпшілікке шүйлікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.