RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Менен кейін бәрі бастады": Әлішер Кәрімов бет-әлпетін неге өзгертіп тастағанын айтты

Жарияланған күні:

Әлішер Кәрімов
Әлішер Кәрімов. Фото: kk.wikipedia.org

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Әлішер Кәрімов бет-әлпетінің өзгеріп кеткеніне қатысты пікір білдіріп, пластикалық отаны не үшін жасатқанын түсіндірді. Өнер иесі сахнада барынша әдемі болып жүруге тырысу керек екенін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлішер Кәрімов не себепті пластикалық ота жасағанын Асхат Садырбайға берген сұқбатында айтып берді. Өнер иесі қабағы түсіп кеткендіктен қабағына арнайы процедура қолданған. Әнші өзінен кейін өнердегі өзге әріптестері де пластикалық ота жасата бастағанын жеткізді.

"Менің бетімнің өзгергені ел арасында біраз әңгіме болды. Бірақ мен оны жасырған емеспін. Мен көзімнің үстін кестім. Менен кейін бәрі кесе бастады. Шұлықсыз шығып едім, бәрі шұлықсыз шыға бастады. Сахнада жүргесін әркез әдемі болып жүру керек. Қабағым түсіп кетті. Ұйқыдан тұрсам болды, шаршаған бетімді көретінмін. Ісіп кете беретін. Санкт-Петербургке бардым да, 40 минуттың ішінде жасаттым. Бетіме, жағыма, мұрныма укол саламын. 40-қа келемін ғой енді, қартайып қалған жоқпыз. Оны жасырмаймын, бұл қалыпты жағдай. Косметологқа барып тұрамын. Бұл маған ұнайды, барғанда демаламын. Сахнада жақсы көріну үшін өзіңе күтім жасауың керек", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2124978-menen-keiin-bari-istei-bastady-alisher-karimov-bet-alpetin-nege-ozgertip-tastaganyn-aitty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif