jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Төбемізге көтеруіміз керек еді": танымал асаба қамауда отырған Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдірді

    Қайрат Нұртас пен Руслан Ысқақ
    Қайрат Нұртас пен Руслан Ысқақ. Фото: Instagram/iskakov_showman

    Қазақстандық танымал асаба Руслан Ысқақ басы дауға қалып, қамауға алынған эстрада жұлдызы Қайрат Нұртасқа қатысты ойын айтты. Той-бизнес өкілі өнер иесін темір торға тоғытуды үлкен қателік деп есептейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Руслан Ысқақ белгілі тележүргізуші Анна Данченкоға сұқбат беріп, ел арасында қызу талқыланып жатқан даулы мәселеге қатысты пікірін айтты. Жұлдызды асаба Қайрат Нұртасқа қолдауын білдіріп, оны қамауға алу шешіміне қарсылығын жеткізді.

    Той жүргізушісі әншіні абақтыға отырғызбай, "төбемізге көтеруіміз керек еді" деді.

    "Қазақтың бағына біткен Қайраттай асыл азаматты Қайрат Рысқұлбековтей абақтыға қамамау керек еді. Мен бұған тікелей қарсымын. Қазақтың Қайратын төбемізге көтеруіміз керек еді. Бұл біздің Қайрат, өзгенің Қайраты емес. Екі достың арасында болған жағдайды осындай деңгейге дейін ушықтырмау керек еді. Әлі де біздің заңға, заңнамалық актілерге осы мәселелердің барлығын тағы да бір қарастыру керек сияқты. Себебі өнер адамының қоғамға зияны жоқ. Кімді қамау керек? Қоғамға зияны бар адамды, қылмыскерді қамау керек. Ең біріншіден, Қайрат - өнер адамы. Қателеспейтін пенде болмайды, кез келген адам қателеседі. Жоғары жақта отырған адамдар да қателеседі. Сондықтан Қайратты қамау - өте үлкен қателік болды деп ойлаймын. Екі адам бітімгершілікке келсе, не үшін қамаймыз? Екеуі бір-бірін кешірді. Неге Қайрат сияқты азаматтарымызбен түрмені толтыруымыз керек" Осы мәселе мені қатты қынжылтады", - деді ол. 

    "Төбемізге көтеруіміз керек еді": танымал асаба қамауда отырған Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.